КЕНТАУ ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫНЫҢ БЕТОН ДАЙЫНДАУ ЦЕХЫН ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ
Аннотация
Кентау трансформатор зауытының электрмен жабдықтау жүйесі қоректендіруші, таратушы, трансформаторлық және түрлендіргіш қосалқы станциялардан және оларды байланыстыратын кәбілдік және әуе желілерінен, жоғары және төменгі кернеулі ток өткізгіштерден тұрады. Электрмен жабдықтау жүйесі қызмет көрсетуде сенімді, ыңғайлы және қауіпсіз болатындай және қажетті энергия сапасын, қалыпты және апаттан кейінгі режимдерде электрмен жабдықтаудың үздіксіздігін қамтамасыз ететіндей болып құрылады. Сонымен қатар, электрмен жабдықтау жүйесі шығындар, жылдық шығындар, энергия шығындары бойынша үнемді болуы тиіс.
Мақалада зауыт ішіндегі электрмен жабдықталуын есептеу, бетон цехының электр схемасын есептеу және таңдау, зауыттың қоректендіру желісінің кернеуін таңдау, БТҚС трансформаторларының қуатын таңдау, бетон цехының электрмен жабдықталуын есептеу жұмыстары жүргізілді, оған мыналар кіреді: қабылдағыштарды қоректендіру пункттері бойынша бөлу, қоректендіру пункттері бойынша есептеу жүктемелерін анықтау, ұзақ мерзімді рұқсат етілген ток жүктемесі бойынша қоректендіру желісінің қималарын таңдау және оларды кернеудің жоғалуы бойынша тексеру, күштік электр тарату желісі мен қорғаныс аппараттарын таңдау.
Автор
О.З.Альчинбаева
А.Б.Бекболатов
DOI
https://doi.org/10.48081/BAGK3834
Ключевые слова
бетон дайындау цехы
электрмен жабдықтау
электр қосалқы станциясы
электрлік сұлба
күштік трансформатор
электр желісі
Год
2021
Номер
Выпуск 2