Машиналық оқыту алгоритмдерін қолдана отырып клиенттердің ағынын болжау
Аннотация
Бұл жұмыста жетілдірілген аналитиканың басты құраушысы болып табылатын машиналық оқыту алгоритмдері арқылы клиенттер ағынын болжау мәселесі қарастырылды. Жұмыс барысында жетілдірілген аналитикаға шағын шолу жасалып, машиналық оқытудың басты алгоритмдері: KNN, MLP, RFC, Gradient Boosting, XGB классификаторларын қолданылып, кросс-валидация арқылы нәтижелер бағаланды. Қазіргі уақытта көптеген компаниялар бәсекелестік ортада өз позициясын сақтауда бұрыннан келе жатқан тұтынушыларын ұстап қалу үшін арнайы аналитикалық талдауларды пайдалануда. Жаңа тұтынушыны маркетингтік құралдармен шақыру бұрынғы қолданыстағы клиентті ұстап қалудан әлдеқайда компанияларға қымбатқа түсетіні белгілі. Жұмыс барысында телекоммуникация саласының қарқынды дамуына байланысты өздерінің абоненттік базасын көбейтуге бейім компания жұмысына байланысты мәліметтер қарастырылды және талданды. Біз ұсынылып отырған жұмыста телекоммуникация саласындағы тұтынушылардың мінез-құлқын түсіну және өз кезегінде олар компаниядан кететін-кетпейтіндігін болжау барысында машиналық оқыту алгоритмдерін қолдандық.
Автор
С.З.Сапақова
Ж.Е. Мұқашев
Н.С. Сыдықова
Е.Б.Әліп
DOI
https://doi.org/10.48081/OKZI7495
Ключевые слова
машиналық оқыту
алгоритмдер
әдістер
корреляциялық матрица
жетілдірілген аналитика
тұтынушы
болжау
Год
2021
Номер
Выпуск 1