КҮН БАТАРЕЯЛАРЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН МОДЕЛЬДЕУ
Аннотация
Электр энергиясын дамыту оның тиімділігін арттыру арқылы энерго үнемдеу шараларын енгізу арқылы мүмкін болады. Энергияны үнемдеудің бір жолы — таралған генерацияны дамыту, дәстүрлі түрде қолданылатын органикалық отын түрлері мен жаңартылатын энергия көздерін негізге ала отырып. Жаңартылатын энергия органикалық отын тұтынуды азайтуға және сәйкесінше қоршаған ортаға шығын келтіруді төмендетуге ғана емес, сонымен қатар тұтынатын энергия шығындарын азайтуға бағытталған, бұл энергия үнемдеудің ерекшелігін береді. Жаңартылатын энергия көздерінің арасында күн энергиясы таралған генерацияны дамытуда басым бағыттардың бірі болып табылады. Оның қолжетімділігі мен бар болуы тұрғысынан артықшылығы кез келген электрмен жабдықтау жүйесі үшін электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Фотоэлектрлік эффект күн энергетикасының дамуының негізі болып табылады. Осы ретте фотоэлектрлік жүйелер, әсіресе күн батареялары, ең перспективті болып табылады. Үлкен электр энергетикасында үлкен қуатты фотоэлектрлік қондырғылар орнатылып, үлкен мөлшерде күн батареялары жинақталады. Бұл ретте күн энергиясын пайдалану бойынша инвестициялар органикалық отыннан энергия өндіру бойынша инвестициялардан асып түседі. Фотоэлектрлік жүйелердің энергетикалық көрсеткіштерін анықтауда маңызды кезең — күн батареяларының жұмыс режимін модельдеу. Мақалада күн батареясының жұмыс режимін зерттеуге және оның энергетикалық сипаттамаларын өзгермелі эксплуатациялық факторлар жағдайында бағалауға мүмкіндік беретін математикалық модель ұсынылған.
Автор
Шерьязов Сакен Койшыбаевич
Тайманов Смайыл Тамшыбаевич
Мұхамбетжан Айсұлу Мұхамбетжанқызы
Ауесхан Акниет Алмасханқызы
DOI
https://doi.org/10.48081/QFHJ4639
Ключевые слова
жаңартылатын энергетика
фотоэлектрлік жүйе
күн элементі
күн батареясы
энергетикалық сипатаммалары
максимал қуат
қызу температурасы
Год
2025
Номер
Выпуск 1