ТАРАТУШЫ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНДЕГІ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ШЫҒЫНДАРЫН ЕСЕПТЕУДЕ ЫҚТИМАЛДЫҚ-СТАТИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫН ТАЛДАУ
Аннотация
Қазақстанның энергетика секторын реформалау, электр энергиясы (ЭЭ) мен қуаттың бәсекеге қабілетті нарығын құру, реактивті қуат тұтыну мен балансын оңтайландыру шарттары контекстіндегі жаңа нормативтік құжаттарды енгізу, энергетикалық сектордың тиімділігінің өзектілігін ерекше арттырып, инвестициялау деңгейі мен тұтынушыларға минималды тарифтерді қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызды.
Жалпы энергетикалық жүйелердің немесе жекеленген желілік компаниялардың тиімділігінің маңызды көрсеткіші - электр энергиясының шығындары. Бұл жұмыс режимінің көрсеткішінің нақты және сенімді анықталуы, электр желілерін басқаруда және пайдаланудың кешенді міндеттерін шешуде басты маңызға ие. Таратушы электр желілеріндегі электр энергиясының техникалық және коммерциялық шығындарын азайтуға арналған приоритетті шараларын таңдау - шығындар құрылымының тәптәштеп есептелуі мен нақты және рұқсат етілген теңгерімсіздіктерінде негізделеді. Сонымен қатар электр режимдерінің (көп режимділік) басқару жүйелері және электр тұтыну басқару арқылы жасалған маусымдық жүктемелер туралы ақпаратқа ие болу қажет. Мақалада 2022-2024 жж. маусымдық жүктемелер графигі мен активті қуат Р және ток бойынша тәуліктік электр жүктемелері келтірілген. Реактивті қуат Q, электр энергиясындағы шығындар, кернеулердің өлшеу диапазондары, қуат ағындары, электр энергиясының белгілі бір мерзімдегі өндірісі, электр энергиясының өзіндік құны және т.б. одан әрі өңдеу графиктері түрінде көрсетіліп және саралаудан өткізілген (типтік графиктер, компоненттер, математикалық модельдер). Есептеу талдауының күрделілігіне байланысты практикалық іске асыру үшін ол интеграцияланған түрде көрсетілуі қажет.
Мақала, электр тораптарындағы жүктеме деректері негізінде, ықтималдық теория мен математикалық статистикаға негізделген электр энергиясының шығындарын ықтималдық-статистикалық әдістерін қолдана отырып есептеу – өзекті мәселенің шешіміне арналған. Интегралды сипаттамаларды көп режимдікті ескере отырып электр жүктемелерінің модельдеуі негізінде анықтау - режимдерді есептеу еңбек сыйымдылығын азайтуға, реактивті қуат ағындарын оңтайландыру міндеттерін шешу кезінде сенімді нәтижелер алуға және электр тарату желілеріндегі (ЭТЖ) кернеу деңгейлерін нормаланған мәндерге сәйкес келтіруге мүмкіндік берді.
Автор
Д.Т.Сулейменова1
Ж. К. Оржанова2
Т.В. Мещерякова3
А.А.Боканова4
DOI
https://doi.org/10.48081/BGQF1963
Ключевые слова
тарату желілері
электр энергиясының шығындары
электр жүктемелері
көп режимдік
ықтималдық-статистикалық әдіс
факторлық талдау
жүктемелер графиктері
кернеу деңгейлері
Год
2026
Номер
Выпуск 1