БАЛҚЫМАДАН АЛЫНАТЫН ЖОҒАРЫ ТЕМПЕРАТУРАЛЫ АСҚЫН ӨТКІЗГІШ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ ТҮЗІЛУІНЕ ЖӘНЕ ҚАСИЕТТЕРІНЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
Аннотация
Мақалада ультракүлгін лазерлі сәулеленуді және спектрдің ультракүлгін, көрінетін және жақын инфрақызыл аймағын қамтитын оптикалық диапазонның кең спектрлік құрамының жоғары тығыздықты сәулеленуін қолдана отырып алынған балқымадан висмут негізіндегі жоғары температуралы өткізгіш қосылыстардың синтезі бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Балқымадан алынған бастапқы прекурсор-материалдарының асқын өткізгіш фазалардың пайда болуына әсері және асқын өткізгіш қыштың шекті параметрлері зерттелді. Бастапқы прекурсор-материалдарын балқымадан алу жағдайларына байланысты материалдардағы оттегі бойынша стехиометриялық құрамның бұзылуы орын алатыны және бұл стехиометрия асқын өткізгіш фазалардың пайда болу кинетикасы мен динамикасына, асқын өткізгіш қыш қасиеттеріне әсер ететіні анықталды.
Bi-2212 композициясының керамикалық үлгілері үшін төрт контактілі әдісті қолдана отырып асқын өткізгіштік күйге өту температурасын зерттеу арқылы өтудің басталуы (Тc) 80 К сәйкес келетіні анықталды. Ал Bi -2223 композиция үшін керамикалық үлгісі өтудің басталуы 112 К сәйкес келеді. Bi-2212 композициясының керамикасы үшін асқын өткізгіштік күйге өту ені 2 К, ал Bi-2223 керамика үшін өту ені шамамен 10 К. Кең ауысу үлгідегі қоспалардың болуымен және асқын өткізгіштің ақаулы құрылымымен байланысты болуы мүмкін.
Автор
Д.Е. Ускенбаев
А.С.Ногай
А.Д.Ускенбаев
К.У.Жетписбаев
С.Турмантай
DOI
https://doi.org/10.48081/ADOP2306
Ключевые слова
асқын өткізгіштік
температура
қыш
синтез
дифрактограмма
морфология
микроқұрылым
Год
2022
Номер
Выпуск 3