ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛ ЖЕЛІСІНДЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ РАДИОБЛОКИРОВКА ЖҮЙЕСІНДЕ МӘЛІМЕТТЕР ТАРАТУ КЕЗІНДЕ АҚПАРАТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Аннотация
Бұл жұмыста радио арна бойынша мәліметтерді тарату қағидаттары, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттары, сондай-ақ радио арна бойынша ақпаратты беру кезіндегі қауіптер қарастырылады. Радио арнаның өткізу қабілеті туралы деректерді, пакеттердің өту уақытын, пакеттердің радио желісінде жоғалуы туралы деректерді эксперименттік анықтау үшін ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, цифрлық радио байланыс арнасы бойынша пойызбен өзара әрекеттесу эксперименттері магистальді темір жол желісінде жүргізілді. Эксперименттік зерттеу көрсеткендей, стандартты сандық радио арна жүйесінде пакеттің кез-келген мөлшерінде жүйеге жүктеме артқан кезде пакеттердің өту уақыты артады. Эксперимент арқылы жүйенің берілу жылдамдығы 1,4 кбит/с дейінгі пакеттердің өту уақытының талаптарын қанағаттандыратыны дәлелденді. 1,6-2,0 кбит/с жүктемесінен бастап пакеттердің өту уақыты қолайсыз болады және сонымен бірге жоғалған пакеттердің пайызы артады. Эксперимент жүргізу кезінде радиоблокировка орталығы мен TETRA коммутация орталығының байланысы, радиоблокировка орталығын электрлік орталықтандыру жүйелерімен байланыстыру, локомотивтің борттық жабдықтарын жаңғырту, борттық және стационарлық жабдықтардың жұмыс алгоритмдерін тексеру мәселелері қаралды. TETRA стандартты сандық радио байланыс жүйесінің жұмыс сипаттамалары радиоблокировка жүйесінің тұрақты бұзылуына әкелетіні анықталды.
Автор
Қ. М. Сансызбай
А. А. Кисманова
Л. А. Соболева
DOI
https://doi.org/10.48081/LQOF4732
Ключевые слова
ақпараттық қауіпсіздік
сандық арна
пакеттердің өту уақыты
радио желі
TETRA стандарт
Год
2021
Номер
Выпуск 1