ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ГЕОТЕРМАЛДЫ РЕСУРСТАРЫ ҮШІН РЕНКИН ОРГАНИКАЛЫҚ ЦИКЛЫН ПАЙДАЛАНУ
Аннотация
Мақалада Қазақстанның геотермалды ресурстары бойынша жалпы ақпарат келтірілген. Алматы облысы,(Оңтүстік Қазақстан) Жаркент елді мекенінде орналасқан геотермалды су кен орындарына ерекше назар аударылып, қарастырылды. Зерттеу аясында QGIS 3.32.0 бағдарламасы көмегімен еліміздегі геотермалды ресурстардың орналасуын көрсететін аумақтық карта жаңартылып, цифрландырылды.
Мақаланың мақсаты орташа және төмен температуралы геотермалды су кен орнын пайдалана отырып, Ренкин органикалық циклдарының (РОЦ) энергетикалық сипаттамаларына талдау жасалынды. Әртүрлі органикалық сұйықтықтарды (R134a(фреон), изобутан, R-245fa, изопентан және R245ca) қолдана отырып, Ренкиннің органикалық цикл жүйесіне параметрлік зерттеулер жүргізіліп, термодинамикалық модель жасалды. Зерттеу барысында булану температурасы мен ішкі регенератордың ең жоғары температурасы Ренкин органикалық цикл жүйесінің өнімділігі мен жұмысына оң әсерін көрсетті. Графиктер Matlab Simulink бағдарламасының көмегімен тұрғызылды.
Жаркент қаласындағы (Жарқұнақ кенті) №5539 геотермалды су кен орнынан Ренкиннің органикалық циклін пайдаланудың ықтимал нұсқасы талданып, шағын көлемде электр энергиясын өндірудің қызықты нұсқасы ретінде көрсетілді. Жергілікті геотермалды энергияны пайдалана отырып, Алматы облысы өзінің сыртқы энергия көздеріне тәуелділігін айтарлықтай төмендетіп, болашақта сол арқылы қоршаған ортаға әсерін азайтуға ықпал ете алады
Автор
С.А.Орынбаев
*Н.Ш.Абдлахатова
Т.С Жүсіп
А.О.Жанпейісова
А.С.Тлешова
DOI
https://doi.org/10.48081/XNLC6185
Ключевые слова
Геотермалды ресурстар
Ренкин органикалық циклы
R134a(фреон),
изобутан
R-245fa
изопентан
R245ca
Год
2024
Номер
Выпуск 4