Жел турбинасы қалақшаларының аэродинамикасын халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігін бағалаудың сандық әдісі
Аннотация
Қазіргі таңда баламалы энергия көздерін дамыту – экологиялық қауіпсіздік пен энергетикалық тұрақтылыққа қол жеткізудің маңызды жолы болып табылады. Соның ішінде жел энергетикасы сарқылмайтын, қоршаған ортаға зиянсыз және кеңінен қолжетімді энергия көзі ретінде ерекше маңызға ие. Алайда жел турбиналарының тиімді жұмыс істеуі олардың басты элементтерінің бірі – қалақшалардың аэродинамикалық сипаттамаларына тікелей байланысты.
Қалақшалар көбіне тозуға, механикалық зақымдануға және климаттық факторлардың әсеріне ұшырайды. Бұл мәселе, әсіресе, климаттық жағдайлары күрделі Қазақстанның кейбір аймақтарында аса өзекті болып отыр. Сондықтан қалақша конструкциясының тиімділігі мен халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалау – маңызды ғылыми әрі өндірістік міндет. Сонымен қатар, жоғары дәлдіктегі модельдеу әдістерін қолдану арқылы қалақша жұмысының түрлі жағдайлардағы мінез-құлқын болжауға болады. Бұл жел турбиналарын жобалау кезінде қауіпсіздік пен өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері болашақта отандық өндірістегі жел турбиналарының сапасын жақсартуға негіз бола алады.
Осы зерттеуде сандық модельдеу әдісі қолданылып, қалақшаның аэродинамикалық сипаттамалары бағаланды. Зерттеу нәтижелері қалақшаның тиімділігі халықаралық стандарттарға сай келетінін көрсетті. Ал анықталған кейбір ерекшеліктер жобалауды одан әрі жетілдіруге негіз бола алады. Жұмыс жел энергетикасын дамытуға өз үлесін қосады.
Автор
Ж. Е Байжұма
Н.Б. Қаласов
А.Ғ.Сабырова
Г.М. Молдашева
DOI
https://doi.org/10.48081/BGQF1943
Ключевые слова
жел генераторы, қалақша, аэродинамикалық профиль, стандарттар, модельдеу, эталон.
Год
2026
Номер
Выпуск 1