Дарье үш қалақты симметриялы жел турбинасы: дизайны, аэродинамикасы және өнімділігі
Аннотация
Бұл жұмыста тік осьті үш қалақты симметриялық Дарье жел турбинасының аэродинамикалық қасиеттері есептеу сұйықтар динамикасы (CFD) әдісі арқылы жан-жақты зерттелді.. Зерттеудің мақсаты әртүрлі ұштық жылдамдық қатынасы (TSR) жағдайында ағын құрылымының өзгерісін, айналу моментінің тұрақтылығын және энергия өндіру тиімділігін анықтау болып табылады. Нысан ретінде NACA 0021 симметриялық аэродинамикалық профиліне негізделген H-типті үш қалақты ротор таңдалып, турбулентті ағынды сипаттау үшін Рейнольдс бойынша орташаланған Навье–Стокс (RANS) теңдеулері және k–ε турбуленттілік моделі қолданылды. Сандық модельдеу барысында айналмалы және қозғалмайтын есептеу аймақтары қарастырылып, қалақ – ағын өзара әрекетін дәл есептеу үшін сырғанау тор әдісі пайдаланылды. Нәтижелер TSR өзгеруіне байланысты қысым, жылдамдық және құйындылық өрістерінің айқын түрленетінін көрсетті: төмен TSR мәндерінде ағын тұрақсыз болып, аэродинамикалық тиімділік шектеулі болса, TSR ≈ 2.5–4 диапазонында қалақтар маңында тұрақты ағын құрылымы қалыптасып, айналу моменті мен қуат коэффициенті максимал мәндерге жетеді. TSR одан әрі артқан жағдайда турбуленттіліктің күшеюіне байланысты пайдалы энергия алу тиімділігі төмендей бастайды. Алынған Cp және Cm тәуелділіктерін эксперименттік деректермен салыстыру сандық модельдің аэродинамикалық үрдістерді сенімді сипаттайтынын көрсетті. Зерттеу нәтижелері тік осьті жел турбиналарын жобалау мен оңтайландыруда практикалық маңызға ие.
Автор
Н.Б. Қаласов
Ж.Е. Байжұма
А.А. Куйкабаева
А.Р. Рысқұл
Ж.Қ. Сейдулла
DOI
https://doi.org/10.48081/BGQF2141
Ключевые слова
Дарье турбинасы
тік осьті турбина
NACA 0021 профиль
k–ε турбуленттілік моделі
RANS теңдеулері
қуат коэффициенті (Cp)
TSR – жүрдектілік коэффиценті
Год
2026
Номер
Выпуск 2